Есірткі саудасымен айналысқан студенттердің ата-анасы істі қайта қарауды талап етті
Есірткі таратты деп айыпталған алматылық студенттердің ата-аналары істі қайта қарауды сұрады. 19-21 жас арасындағы сегіз студент 16-17 жылға сотталған еді. Аналары балаларына есірткі бергендердің жазаланғанын қалайды. Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Аналарының айтуынша, жалданып жұмыс істеген балалар түрмеде отырғанда есірткіні таратып жүрген кінәлілер басқа да адамдарға зиянын жігізіп жатыр.
Сталина Пактың ұлы 16 жылға бостандығынан айырылды. 19 жастағы студентті 2016 жылдың тамызында қылмыстық топты ұйымдастырып, есірткі таратты деп айыптады. Анасы ұлының ісін ақтағысы келгеннен емес, тергеудің дұрыс жүргізілмегеніне наразы. Айтуынша, қылмыстық топты оның ұлы құрмаған. Ол кінәлілерді тауып, ұлының жазасын жеңілдетуді талап етті.
“Біз тергеудің қайта жүргізілгенін қалаймыз. Олар түрмеге қамалса кінәлі деген сөз. Бірақ, олар қылмыстық топты ұйымдастырған жоқ, олардың ортақ кассасы болған жоқ”, – дейді сотталушының анасы Сталина Пак.
Қылмыстық топ ұйымдастырып, есірткі тасымалдағаны үшін 8 адам сотталды. Ата-аналаар істі қайтадан жеке-жеке қарауын сұрады. Олар қылмыстық іске 40 адам қатысып, тек 8 адамның сотталғанына таңғалды. Студенттерге тапсырма берген телефон нөмір әлі қызмет етуде.
“Сотта мына сұрақтарға жауап берілен жоқ: “Есірткі қайдан келді? Оны жеткізуші кім? Есірткіні сатқаннан кейін түскен ақша қайда кетіп жатты?” Сотта айтылған ақшаның көлемі – 10 миллион теңге”, – дейді құқыққорғаушы Константин Гудаускас.
Қоғам белсендісі Ольга Агапова есірткі саудасымен бірінші рет күресіп тұрған жоқ. Оның айтуынша, оған деген сұраныс жылдан жылға өсуде. Тасымалдаушылардың тобына көбіне студенттер мен жасөспірімдер кіреді. Оның пікірінше кешенді тексеруді күшейту керек. Есірткі сатумен айналысатындар бүгін бір жерде тұрақтаса, ертең басқа жерде жүреді, дейді ол.
“Мемлекеттік деңгейде күресу керек. Қазақстанға не әкелініп жатқанын бақылау керек. Есірткі сатушы мен сатып алушының байланысын үзу қажет. Жеңіл жолмен ақша тапқысы келетіндермен күресу керек”, – дейді «Свободные люди» қоғамдық қорының директоры Ольга Агапова.
Сотталғандар ата-аналарының аппеляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Енді олар кассациялық арыз тастамақшы. Олар есірткі саудасымен айналысатындарды анықтауды талап етеді.
Тағы оқыңыз:
Қарағандыда беларусиялық азамат іздестіріліп жатыр
Талдықорған тұрғыны жеке куәлігімді ХҚКО қызметкері өзгеге беріп жіберген деп айыптап отыр
Көкшетауда қоластындағы 55 жастағы қызметкерін тырнап алған 38 жастағы басшыға айыппұл салынды