Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есірткі сатушы полиция қызметкерлерін өзі шақырып, қылмысын әшкерелеп берген

Психотроптық препаратқа еліткен жігіт үйіне полиция шақырған. Осының арқасында оның қылмыстық әрекеті анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: istockphoto.com/ru

Бадамшы ауылының 24 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі таратып жатқан жерінен ұсталды. Құқық қорғау органдарына оны табуына жігіттің өзі көмектескен. Айыптау қорытындысына сәйкес, ол Telegram-нан есірткі сату арқылы табыс табатын жұмыс тауып, біраз уақыттан кейін сатушыдан сақтаушы деңгейіне "өскен". Үйінде есірткі ораумен айналысқан. Сататын өніміне өзі де тәуелді болған.

Психотроптық препаратты тұтынғаннан кейін оның әсерінен айықпаған жігітке біреу пәтерінің есігін бұзып жатқандай көрінген. Дереу 102-ге қоңырау шалған. Полиция қызметкерлері келіп, пәтерді тінтіп, күдікті ештеңе байқамаған. Біраз уақыттан кейін ол тағы да есігін біреулердің қағып тұрғанын айтып, полицияға хабарласқан. Полиция қызметкерлері екінші рет келгенде оның қылмысы ашылды. Ол есірткі салынған сөмкені терезеден лақтырып жіберген.  

Қылмысы әшкереленгеннен кейін ол кінәсін мойындап, үйінде есірткі ораумен айналысқаны үшін күніне 5 мың ресей рублін алып отырғанын айтты. Ал сотта есірткі таратуға қатысы жоқ екенін, оларды тек өзі үшін сатып алғанын, тұтқындалған күнін дұрыс есіне түсіре алмайтынын, ал сөмкені кінәні қызының мойнына арту үшін әлдекімдердің лақтырып кеткенін айтты. 

Айыпталушымен қарым-қатынаста болған қыз полицияға жас жігіттің аспаздық жұмысынан айырылып, Telegram арқылы есірткі сатумен айналысып күн көремін деп шешкенін айтып берді. Сотта ол өзін тастап кеткенін, кейінгі кездері өзін біртүрлі ұстайтынын және үнемі сөмке асынып жүретінін де айтты. 

Сот айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Талқылау