Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есірткі сатқан": Бұрын істі болған көкек ана 4 жасар қызын асырап алған ата-анасынан тартып алмақшы

Алматы облысында асырап алған 4 жасар қызын тәрбиелеу құқығы үшін ата-анасы күресуде. Асырап алған қызды ерлі-зайыптылар бір жасқа толмаған кезінде сәбилер үйінен алған. Бірнеше жылдан кейін оның биологиялық анасы табылып, бұрын құқығынан айырылған әйел апелляциялық сотта ұтып шыққан. Енді баланы өзіне алуға ниетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеп. 

ангелинаЕрлі-зайыптылар 4 жыл бұрын кішкентай Ангелинді өз үйлеріне әкеліп, тәрбиесіне алған. Қыз Талдықорғанның притондарының бірінде табылған, кейін оны сәбилер үйіне орналастырған. 

"Біз баланың тастанды емес екенін, ата-ана құқығынан айырылмағанын білдік. Бізге балалар үйіндегілер ескертіп бәрі айтты. Осыған қарамастан, біз баланы алып, оған отбасылық махаббатымызды ұсындық", - дейді асырап алған анасы Надежда.

Отбасыда тағы асыранды 3 бала бар. Олардың барлығы мұнда өздерін туған үйінде жүргендей сезінеді. Ангелинді туған адам туралы осы уақытқа дейін еш хабар болмаған. Бір күні қоңырау шалынып, биологиялық анасы табылғанын есіткен. Алғашында көкек ананы ата-ана құқығынан айырып, қызды асырап аламыз деп ойлаған. Бірақ бір кездері өзі тастап кеткен баласын көкек ана қызды қайтып алуға ниетті. Айта кету керек, осы уақыт ішінде әйел екі рет сотты болған.

"Ол кезінде есірткі сатумен айналысқан. Екінші рет сотталғанда ол
өз бірге тұратын адамның денсаулығына зиян келтірген. Ол оған оқ атқан", - дейді Надежда. 

Бірінші сотта құқығынан айырғанмен, аппеляциялық алқа үкімнің күшін жойып, оған қыз баланы тәрбиелеуге рұқсат берді.
Сот мұндай шешіміне таңқалған асырап алушы ата-ана жұртшылықтан көмек сұрайды. 

"Баланың отбасымызда қалуына септігін тигізе алатын барлық адамнан көмек қолын созуын өтінеміз", - деп көзіне жас алды Надежда.
Қазіргі таңда Ангелина қамқоршылардың қолында тұрады, бірақ кез келген уақытта оны туған анасы келіп алып кете алады. Бала асырап алған ата-ана осы жағдайды тек Жоғарғы Сот көмектесетініне сенімді.

Талқылау