Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есінен танып қалды: Қазақстандық футболшы Мәскеу алаңында басынан жарақат алды

Мәскеудің ЦСКА футбол клубының жартылай қорғаушысы Бахтияр Зайнутдинов Ресей премьер-лигасының 14-турында "Ростовпен" болған матчта жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Мәскеуде өткен ойынның жетінші минутында болды. Зайнутдинов қорғаныстың сол қапталында қарсыласымен соқтысып, басынан жарақат алды. Соқтығысу салдарынан қазақстандық есінен танып, оған дәрігерлердің көмегі қажет болды.

Біраз уақыттан кейін Зайнутдиновты зембілмен алаңнан алып кетті, содан кейін оны басқа ойыншымен ауыстырды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Vesti.kz - Живи спортом 🇰🇿 (@vestikzsport) on

Кейін ЦСКА-ның бас жаттықтырушысы Виктор Гончаренко Бахтияр Зайнутдиновтың жағдайы туралы айтты.

"Зайнутдинов басына соққы алды, біраз уақыт есінен танып қалды. Бірақ қазір дәрігерлер оның есін жиғанын айтады", - деді Гончаренко.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр