"Есімдері жарияланған жоқ": Италияда қазақстандықтар қымбат VIP-яхтаны жалға алып, өліп қала жаздаған
Италияда қазақстандық туристер мінген яхта отқа оранды. Борттағы 17 адам қызыл жалынның құрсауынан дер кезінде құтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме жасап.
Яхтада 8 қазақстандық турист пен 9 экипаж мүшесі болыпты. Елу метрлік Lady MM яхтасы Капри аралынан Сардиния жағалауына бет алған екен. Алайда мақсатты жеріне жете алмай, жанып кеткен.
Борттағы адамдар от тұтанғанда бірден шағын қайыққа отырып аман қалды. Оларды құтқаруға жағалау күзеті мен тікұшақ жұмылдырылған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Яхта, ұшақ, 3 тікұшақ: Марғұлан Сейсембай олигархтың өмірі қанша тұратынын айтты
Жергілікті басылымдер түгі қалмай жанып кеткен яхтаның құнын 9 миилион еуроға бағалады. Сәулеті келіскен бөлмелер, VIP каюта, шағын жаттығу залы мен бассейні бар су көлігіне 10 қонақ сыяды екен. Жерорта теңізінде мұндай сән-салтанатпен демалып жүрген қазақтардың қатардағы турист емес екені белгілі. Сыртқы істер министрлігі де олар жайлы ақпарат берген жоқ.
Айта кетейік, Сардиния жағалауында жағалау күзеті 17 адамды жанып тұрған яхтадан құтқарды деп хабарланған еді. Өртенген яхта ішінде қазақстандық 8 адам болған.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
