Есіл өзенінде балық қырылып жатыр
Есіл өзенінде балықтың жаппай қырылуына жол бермеу және тоқтату жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мұз астында өлген балық жиналып, зертханаға жіберілді. Нәтижесі белгілі болғаннан кейін жарияланады. Болжам бойынша, балық мұз астында оттегінің жетіспеуінен қырылған болуы мүмкін", – делінген баспасөз хабарламасында.
Ақмола облысы Астрахан ауданы Новочеркасское ауылының маңында Есіл өзенінде 85 келіге жуық өлі балық жиналды.
Қазір ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облысы аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп сынақ жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қалған балық санитарлық нормаларды сақтап жойылды.
Қазір өзен суын мәжбүрлі аэрациялау үшін екі мотопомпа орнатылды. Бұл мұз астындағы суды оттегімен қамтамасыз етуге көмектеседі. Су қоймасының жай-күйі бақылауда.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”