Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Курск ауылының бұрынғы әкімінің үстінен екі бірдей қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысы Есіл ауданы Курск ауылының бұрынғы əкімінің үстінен екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. 2018 жылдың 17 наурызында Есіл аудандық ауруханасына 02.04.1971 жылы туылған Баржақсы Бексұлтанұлы Жамышев есімді азамат түскен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған «жабық ми сүйегі жарақаты, ауыр деңгейдегі ми соққысы, сол жақ маңдай сүйегінің сынығы» диагнозы қойылған. Өкінішке орай, ауыр жарақат алған науқас 22 наурыз күні көз жұмған. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Баржақсының өліміне оның туыстары Есіл ауданы Курск селосының бұрынғы əкімі  В.Рогозныйды кінəлап отыр. Осы себептен оған қатысты сот алды тергеу амалдары қолға алынды.

«Қазір Жамышевтің өліміне байланысты В.Рогозныйдың үстінен ҚР ҚК 105 бабының 1 бөлігі бойынша (өзін өзі өлтіруге итермелеу) сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іске қатысты түбегейлі шешім жүргізілген сараптама қорытындысы мен істің мəн-жайы анықталғаннан кейін ғана қабылданады. Зардап шегуші тараптың өкілі Тасеменованың арызы бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.  Сараптама қорытындысы əлі дайын емес » -, деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, В.Рогозныйды үстінен  ҚР ҚК 346 бабының 1 бөлігі бойынша (көлік жүргізу құқынан айырылған тұлғаның көлік басқару) сот алды тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, жақында бұл оқиғаға байланысты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.

Аталмыш отырыста кеңес мүшелері В.Рогозныйдың ҚР «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 10 бабының 8 бөлігі 1 бөлімі, ҚР Мемлекеттік қызметшісінің Әдеп кодексінің бірқатар ережелерін бұзғанын анықтады. Осыдан кейін кеңес мүшелері құқық бұзған шенеунік Есіл ауданы Курск селосы әкімі лауазымынан босатылсын деген мәмілеге келген.

Оқи отырыңыз:

Елордада аутизмге шалдыққан балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық науқаны өтілуде

Ақтөбеде қайырымды кәсіпкер студенттерге арнап тегін кафе ашты

WhatsApp-та таралған видео: ОҚО-да сүйіскен қыздардың әрекеті ашық талқылануда

Талдықорған тұрғыны өзін бүйрегінен айырған әйелін кешірді

 

Талқылау