Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есікті ішінен жауып алды": Павлодарда үйлену тойында кафе иесі полицияны бірнеше сағат ішке кіргізбей қойған

Павлодарда үйлену тойы өткен кафенің иесі бірнеше сағат бойы полицейлерді мекемеге кіргізбеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Полиция қызметкерлері қатысқан мониторингтік топ Жаяу Мұса көшесіндегі кафелердің бірінде отбасылық салтанат өткізген карантинді бұзу фактісін анықтады. Мекеме иесі үйлену тойын жасыруға тырысып, бірнеше сағат бойы кафе есігін ашпаған", - деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Каптаев.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері залға кіріп, тәртіп бұзушылықты видеоға түсіріп алған.

"Бұл кафені бұған дейін де құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірақ кафе иесі өзі үшін қорытынды жасағысы келмейтін сияқты. Жиналған материал ҚР ӘҚБК 425-бабы ("Халықтың санитариялық - эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу") бойынша құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Павлодар қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді", - деп атап өтті өңір ПД баспасөз қызметі.


Күрестен әлем чемпионы тойдан қуып жіберген қалыңдығын құрбылары ақтап алды 


Тағылған бап бойынша жеке тұлғаларға - 30, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 230, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 310, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 1600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Айта кетейік, мұндай жағдай қаладағы Батурин көшесіндегі мейрамханалардың бірінен анықталған. Осы факті бойынша жасалған материал тиісті шараларды қабылдау үшін Павлодар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 01 Қыркүйек, 2020 08:11
Талқылау