Есіктегі топтық зорлау ісі бойынша айыпталушыларға үкім шығарылды
Жібек Мусинованы зорлаған адамдар сегіз жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өткізуге үкім шығарылды.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Сот Есік қаласында болған топтық зорлау ісі бойынша төрт айыптыға қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Алматы сот баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін бір топ жігіт жабыла зорлаған қыз алғаш рет бейнесұхбат бергенін, куәгердің айтуынша, топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін екенін хабарлаған едік. Ол өзіне төніп жатқан қауіпті айтып желі арқылы мұңын шақты.
Зорлау туралы ақпарат Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны жолдаған бейнеүндеу арқылы белгілі болды, ол бейнежазбада әйел төрт ер-азаматқа қызымды зорлады деп айып таққан. Ана бұл қылмысты әшкерелеу үшін көмек сұрады. Әйелдің қызы Жібек Мусинованы тамыз айының 13-інен 14-іне қараған түні зорлап кеткен. Төрт жігіт қыздың туысын ұрып соғып, қызды күштеп жеңіл автокөлікке отырғызып, алып қашқан, содан соң жабылып зорлаған.
Бүкіл халықтың назарына ілінген бұл істі облыстық полиция қызметі өз қарауына алған болатын. Сотталған Ермеков Е. Н., Ермеков А. А., Елтай Н. Т. Және Бектұрсын А. Ж. жастары – 22 және 29 жас аралығында. Сот Ермеков Е. Н. Сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Ермеков А. А. тоғыз жыл он айға жалпы режимді түзету колониясына қамалады. Заттық дәлел – алтын түстес Infinity FX37 маркілі автокөлік Ермеков А. А. тиесілі, бұл көлікті жәбірленушіні ұрлауға пайдаланылған құрал ретінде мемлекет тәркілейді. Елтай Н. Т. тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Бүркіт пен Айша Болат Назарбаевпен бірге тамақтанды
Кәсіпкер Бауыржан Оспанов Асқар Жұмаділдаевқа көлік мінгізді
35 жастағы азамат екі қасқырды ауласында ит секілді асырап отыр
Шымкентте әбден қарызға батқан жас жігіт 9-қабаттан секіріп кетпекші болды (видео)