AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есік пен терезелер шұрық-тесік": Шымкенттіктер мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген үйлердің сапасына шағымданды

Шымкентте мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алған тұрғындар шағымданды. Олар пайдаланылған материал мен құрылыс сапасы көңіл көншітпейді дейді. Жақында ғана үйлі болдық деп қуанған тұрғындар бірнеше арыз жазып та үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

үй

Тұран-2 ықшам ауданының тұрғындары ұзақ уақыт кезекте тұрып, үйлі болуды аңсағандарын айтады. Жаңа үш үйдегі пәтерлерді шымкенттіктерге 2021 жылдың соңында бөліп берген. Жайлы пәтерге көшіп, жанымыз жайланады деген олар бірнеше бойы ай жөндеу жұмыстарымен шұғылданған. Құрылыс сапасыз болғандықтан барлығын қайта жасауға тура келген. 

"Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқаныма үш ай болды. Шаршадым! Біреуін жөндесем екіншісі шығады. Барлығын қайта жасауға тура келді. Тіпті есікті сүртуге қорқамын, себебі бояуы түсіп жатыр. Түсінбеймін, басшылық мұндай жұмысты қалай қабылдаған? Едендегі линолеум қиындылардан құрастырылған, есіктер тесік", - дейді тұрғын Ақтолқын Құралбай. 

Кей пәтерлерде терезе мен есіктер жабылмайды екен. Суық болғандықтан кейбірі көшіп келмепті. Дегенмен тұрғын үй ақысын төлеу қажет. Ал көшіп келгендер қосымша электрлі жылытқыштар қойған. Бұл қалтамызға да ауыр тиеді дейді олар. 

"Бізде екі бөлмелі пәтер. 12 миллион теңгеге алдық. Ай сайын 95 мың теңге төлейміз. Енді мен ипотекаға төлеймін бе, әлде электр қуатына ма? Неліктен барлығы сапасыз жасалған? Үй салқын, температура 20 градустан аспайды", - деп қосты Гүлнұр Көлбай. 

Ықшам ауданның инфрақұрылымы да пәтер иелерінің көңілінен шықпаған. Аулалар тар, көлік тұрағы жоқ. Ал балалар алаңқайында ойнаудың өзі қауіпті дейді. 

Шенеуніктер барлық шағымдардың қаралып жатқанын айтады. Тұрақ және ойын алаңымен мәселе жоқ деп сендірді. Ал есіктер мен терезелердегі тесіктерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі екен. 

"Тесіктерге келетін болсақ, қазір үшінші үйде монтаждау көбігімен жауып жатыр. Жөндеу жұмыстары алдағы уақытта оң нәтиже береді деп ойлаймыз. Кемшіліктер бар, әр пәтердегі жағдайды жеке-жеке қарайтын боламыз", - деді Шымкент қаласы Құрылысты басқармасының басшысы Оспан Абиев. 

Шенеуніктер пәтерлердің жылынатынын айтады. Алайда тұрғындар бұған сенбейтіндерін жеткізді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр