AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есік қаласының маңынан екі қабатты зират табылды

Алтын адам табылған Есік қаласының маңайында археологтар әлі де зерттеу жүргізуде. Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ғылыми қызметкерлері қазба жұмыстары барысында қола дәуірінің екі қабатты обасын тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

оба

Аға ғылыми қызметкер Хамит Амантайұлы екі қабатты моланы Өрікті ауылының маңындағы үлкен қорымнан тауыпты. Шамамен қола дәуіріне жатқызып отыр. Екі аяғын бүгіп жатқан бір адамның қаңқасының аяғының төменгі жағынан тастан қаланған шеңберге кезіккен. Оны қазғанда ішінде жатқан тағы бір адам сүйегіне тап болған. Жерлеу рәсімін қола дәуірінің мәдениетіне жатқызып отыр.

“Қола дәуіріне де өзіне тән қыш ыдыстарының фрагменттері, сондай-ақ тастан жасалған пышақ бар. Оның бір шеті сынған. Ол кездегі наным-сенім бойынша жалпы сынған нәрсі, сынды деген нәрсе өлді дегенмен бірдей болып, өлген адаммен бірге қойылатын атрибут есебінде пайдаланған”, – дейді Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің аға ғылыми қызметкері Хамит Амантайұлы.

Музей зерттеушілері осы маңайда неолит, темір дәуірлерінде де адамдар өмір сүрген дейді. Табылған артефактілер зертханада дәлелденсе 40-45 мың жылдық қоныстардың куәсі болатынын айтады. Ал қорық-музейдің өзінде де жаңалық жоқ емес. Жылқының қазақ даласында қолға үйретілгенін алға тартып, Еңбекшіқазақ ауданы маңынан жылқы малына қатысы бар дүниелерді жұрт назарына ұсынып отыр.

“Олар бұйымдардың көбі ерте темір дәуірінен орта ғасырға дейін келеді. Мысалы келушілерге ерте темір дәуіріндегі ауыздықтардың қандай болғанын, шыңғаларымыздың, үзеңгілердің қандай болғанын осы көрме арқылы тамашай алады”, – дейді Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі директорының орынбасары Досым Зікірия.

Қазір мұндағы ғалымдар Мәдениет және спорт министрлігінің "Ғылыми қолданбалы зерттеу" бюджеттік бағдарламасының екі жобасын қолға алған. Өрікті шатқалында зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр