"Ештеңе мәңгі емес екен": Толқын Забированың анасы дүниеден өтті
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Толқын Забированың анасы дүниеден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жеке парақшасында жазба жариялады.
“Анашым… Жұмағым… Өмір – сынақ, ештеңе мәңгі емес. Кішкентай ақ періштем менің, сен мәңгі менің жүрегімдесің! Біз сені жақсы көреміз, жаның жұмақтың төрінде шалқысын", – деп жазды әнші.
-
"Бір күні мені тастап кетерсің": Толқын Забирова сәби күтіп жүрген қыз-келіншектерге үндеу жасады
-
"Бала тумайтын әйелмін": Толқын Забирова тұңғышын ұзақ күткенін айтып, жан сырын ақтарды
Желі қолданушылары әншіге анасының қазасына байланысты көңіл айтып жатыр.
“Анаңыздың жатқан жері жарық болсын, иман байлығын берсін", "Бекем болыңыз, анаңызға қатты ұқсайды екенсіз", "Иманды болсын" деп жазды олар”, “Қайғыңызға ортақпын, Толқын Қалиқызы. Амал дәптері оңынан болсын”, – деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, өнер иесі осы күнге дейін әкесінің кім екенін білмейтінін айтқан еді.
“Мен әкемнің қолынан ешқашан кәмпит жеген емеспін. Әкемді көрген емеспін. Бала күнімде бір еркекті көремін, дастархан басында шай ішіп отырамыз. Бірақ ол еркекті танымаймын. Мүмкін сол менің әкем шығар. Бала күнімізде бәріміз бір бөлмеде жатамыз. “Маған әкем велосипед алып берді, тәтті алып келеді” деп айтқан балаларды естігенде мен көрпенің астында жылап жатамын. Менің әкем жоқ, ол маған ештеңе әкелмейді. Анам мен әжемнің арқасында жоқшылықты көрмей өстім. Нағашы әпкемнің балаларымен бірге өстім. Мен анамның құрсағынан шыққан жалғыз баламын. Қалған бауырларым – бөлелерім. Толық отбасында өсу арман ғой. Мен өзім әкесіз өстім”, – деген еді әнші.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
