Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ештеңе істеп жатқан жоқ": ШҚО әкімі Риддер ЖЭО-ның жаңа иелері туралы пікір білдірді

12 сәуірдегі баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддер жылу электр орталығының жаңа иелері туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ахметов

Өңір басшысы Риддер ЖЭО жағдайы мен оның жаңа иелеріне риза емес екенін айтты.

"Өкініштісі, ЖЭО-ның жаңа иелері жөндеу жұмыстары, модернизация және 3,3 миллиард қарызды өтеу үшін ештеңе істеп жатқан жоқ. Станция біздің басқаруымызда және заң шығару саласында жұмыс істей отырып, оны коммуналдық меншікке беру алгоритмін жүзеге асырамыз", – деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, жаңа иелер өткен басшылардан да бетер.

“Олар жарық, су, мазут үшін де төлемейді, жұмысшыларға жалақы бермейді. ЖЭО-ның бұрынғы иелері де төлемеген. Қазіргілерден қайыр күткен едік, бірақ бәрі бірдей, тіпті қазіргілері бұрынғыдан да бетер”, – деді Ахметов.

Бүгінде ЖЭО-ға көмір мен мазутты Өскемен жылу желілері жеткізеді. Қаланы жылумен қамтамасыз ету үшін алдын ала төлем жасалды.

"2,7 миллиард теңгеге сот ісін қозғадық. Заңға сәйкес шаралар қабылдауды жалғастырамыз. Қолда бар берешек есебінен ЖЭО мүлкіне тыйым салынды, ол коммуналдық меншікке өтеді. Қыркүйек айының ортасына қарай станцияны қалыпты жағдайға келтіретінімізге сенімдімін", –  деп сендірді Даниал Ахметов.

Талқылау