Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ештеңе айтпастан жылай бастады": Шымкентте көпірден секірмек болған әйел құтқарылды

Шымкентте ұландықтар көпірден секіріп өмірімен қоштаспақ болған белгісіз әйелді құтқарып қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Cурет ашық дереккөзден

Оқиға 23 наурыз күні сағат 19:35 шамасында болған. Әйел Мангелдин және Тамерлан көшелерінің қилысында орналасқан көпірден секіруді шешкен.

Алайда қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін күзету барысында әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрдәулет Мадымұхамбетов, қатардағы Бекарыс Наранбаев пен Нұрболат Дүйсен оны көріп қалған.

“Оқиға орнына келгенімізде азаматша көпірден төменге қарай секірмекші болып тұр екен. Біз одан мұндай әрекетке бармауын өтіндік. Алайда ол ештеңе айтпастан жылай бастады. Мен әйелді өзіме қарай тартып қалдым, қалған екі жауынгер оны қауіпсіз жерге шығаруға көмектесті, - деді Нұрдәулет Мадымұхамбетов.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құтқарылған әйел полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Талқылау