Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешкімнің атағына қарамай күреседі": Бас бапкер дзюдошылардың тас-түйін дайын екенін жеткізді

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов жеребе тарту рәсіміне қатысты ойын бөлісіп, әрбір спортшы татамиде  барын сала күресетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ҰОК

"Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына тас-түйін дайын. Кеше жазғы Ойындардың жеребесі тартылды. Төртжылдықтың басты бәсекесінде осал спортшы болмайды. Жеребеге қарап, қарсыласты бөліп жармаймыз. Дзюдошыларымыз намыс, абыройды бірінші орынға қойып, ешкімнің атағына қарамай күреседі. Бұл жарыста бәрінің мүмкіндігі бірдей. 


Париж олимпиадасы: Сметов соңғы олимпиадасында атой сала ала ма


Ертең күресетін спортшыларымыз бүгін жарыс алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысады. Бірінші болып татамиге Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова шығады. Біз спортшыларымызға әрдайым сенеміз және қолдаймыз",- деді бас бапкер.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық дзюдошылардың алғашқы айналымдағы қарсыластары туралы жазған едік.  

Талқылау