"Ешкімнен ештеңе күтпеймін": Гүлзира Айдарбекова бақытты болудың құпиясын бөлісті
Гүлзира Айдарбекова бақытты өмір сүруге қатысты ойлы жазба жариялап, көпшілікті ойландырып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Продюсер бақытты болудың сырын ашып, ешкіммен жарыспай өмір сүретінін айтты.
“Мен өзімді әрқашан бақытты сезінемін. Сен неге екенін білесің бе?! Өйткені мен ешкімнен ештеңе күтпеймін. Күту – әрқашан ауыр. Өмір қысқа… Бақытты бол және күлімде”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.
Одан кейін продюсер барша жұртқа жолдасы екеуінің махаббаты жұғысты болуын тіледі.
Сіздерге де біздің махаббат жұғысты болсын! Махаббаттарыңыз мәңгі болып, ұзақ жылдар, өмірдің ащы-тұщысын бірге татитын баянды махаббат тіледім! Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Барымызды бағалайық!”, – деді шоу-бизнес жұлдызы.
-
"Тосынсый жасадық": Гүлзира Айдарбекова күйеуінің туған күнін Кипрде тойлады
-
"Камерасын қосып, фотоға түсіріп алады": Гүлзира Айдарбекова алаяқтарға тап болды
Өз кезегінде продюсердің жолдасы Нұртас Айдарбеков әйелін сәл көрмей қалса сағынатынын жазды.
“Кешегі постымда бір кісілер жазыпты: “Апамызды сағынып отырсыз-ау” деп. Айтайын десем, балалардан ұялам, шынымды айтсам солай болып тұр. Найманның қызын алтыншы күн көрмей қалып едім, шынымен де бір түрлі сағынып отырғаным”, – деп күлдірді Қайрат Нұртастың әкесі.
Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова келіндерінің блогер болуына ықпал еткенін мойындаған еді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды