Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан тарихы" мен "Қазақ тілін" алып тастады: ЖОО-да америкалық ректордың реформаларынан кейін дау өрбіді

"Нархоз" университетінің бұрынғы мұғалімдері білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовқа ЖОО-ның ректорына қатысты наразылығын білдірді. Бұл туралы басқарма басшысының блогында хабарлама пайда болды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құрметті министр, біз, "Нархоз" Университетінің бұрынғы мұғалімдері, сізді республикамыздағы ең басты білім беру басқармасының  жетекшісі ретінде, "Нархоз" Университетінің қабырғасында болып жатқан былықты көпшілік назарына ұсынуға міндетті деп санаймыз. (...) Бізде "Нархоз" Университеті абыройынан айырылып қала ма деген үрей бар. Бұл үрей қазіргі ректор, АҚШ азаматы, (мамандығы бойынша славян танушы) Эндрю Вахтелдің стратегиясынан туды. Ол ректордың қызметіне 2018 жылдың ақпанында кірісті. Бірінші кездесуде ректор әдепсіз тәсілмен барлық мұғалімге ешкіммен, тіпті АҚШ-та ҚР БжҒМ сынды басқарма болмағандықтан,  басын ауыртпайтынын мәлімдеді. Сол жиналыста ол қазақ және орыс тілі мұғалімдерін он жыл бойы көрмеуге үміттенетінін айтты. Оның сөзінше, бұл мамандықтар Қазақстанның экономика саласында жұмыс істейтін мамандарды дайындау үшін қажет емес", — деп жазылған хабарламада. 

Осыдан бөлек мұғалімдердің сөзінше, университетте бірнеше реформалар орын алған және олар білім алушылардың деңгейіне кесірін тигізген. 

"Жалпы білім беру пәндерінің Бағдарламасы болып өзгерген  Жалпы білім беру пәндерінің кафедрасында философия, политология, социология сынды пәндердің орнына екі модульге бөлінген, біріктірілген сабақ жүреді. Бірінші семестрде "Адам және әлем" пәні бойынша 50 минуттан 15 лекция оқылады. Лекцияларда негізгі бағдарламалар қамтылмайды. Практикалық сабақтарда студенттер әртүрлі антикалық кезеңнен біздің күнімізге дейінгі ойшылдардың туындыларынан үзінді оқиды. Олардың не айтқысы келгенін студенттер ұға бермейді. Ал түсінбеген дүниені кітаптан оқып, ізденуге болмайды, студент барлығын өзі түсінуі керек. Олай болса 100 үздік шетелдік оқулықтар не үшін қажет?"— деп наразылық білдірді мұғалімдер. 

Қазақстан тарихы студенттерге өз бетімен оқуға берілді, ал олар бұл пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсырады. Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы білім беру әдісін ректор тәжірибе деп атады. Бұл пәнді оқу тәуелсіз Қазақстанның өмірінде ұлтшылдық пен азаматтылықты тәрбиелеуде өте маңызды рөлді ойнайды.Жалпы білім беру Бағдарламасының  директоры М. Калашникова қазақ тілі, орыс және ағылшын тілі мұғалімдерімен жиналыс өткізіп, "Қазақ тілі", "Орыс тілі", "Кәсіби қазақ тілі",  "Кәсіби орыс тілі" пәндері 2019-2020 жылғы университет бағдарламасынан алынатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, хатта университетке тексеріс жүргізген жағдайда ректордың барлығын "алдай саламын" деп айтқаны жазылған.  
 

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Шілде, 2019 15:37
Талқылау