Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешкімге де тілемеймін": 17 жасында лотереяны жеңіп, байлыққа кенелген қыз жеңісіне өкінетінін айтты

Ұлыбританияда EuroMillions-тың ең жас жеңімпазы байлық оған бақыт әкелмегенін айтып, мұндайды "ешкімге тілемейтінін" айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail сайтына сілтеме жасап.

лотерея

Америкалық "Доктор Фил" телешоуының "Лотереяның қарғысы" эпизодында 27 жастағы Джейн Парк 2013 жылы 17 жасында күтпеген жерден 1 миллион еуро табысқа кенелгенін айтып, кемшіліктерін түсіндірді.

Оның айтуынша, жүлделі болғаннан кейін оның сәтсіз өмірі басталды және сол үшін оны сынағандар болды. Жасы кішкентай болғандықтан, ол мұндайды көтере алмаған.

"Мен миллион фунттың құндылығын білмей, ессіздікке салындым. Мұндай ақшаны ешқашан көрген емеспін. Мұндай ақшасы бар адамдарды да білмегесін, ақшаны тек қалағаныма жұмсадым", – деді ол.

Оның айтуынша, олжаға кенелгеннен кейін оны бопсалап, қорқытқандар, өлтіргісі келгендер көп болған.

"Мен одан да бұл ақшаны ұтпағанымда ғой. Ол кезде аңғал 17 жастағы қыз едім. Мұндайды бастан өткеруді ешкімге тілемеймін”, – деді лотерея жеңімпазы.

Джейн ұтысының арқасында косметикалық ота жасатып, кеудесін үлкейткен және бөксесін өзгерткен.

Ол отадан кейін бір ай ауруханада жатып шығады.

"Мен жұмсалған ақшаға өкінбеймін, өкінетін жалғыз нәрсе – мұның көпшілікке жария болғаны", – деп мойындады ару.

Джейннің айтуынша, ел-жұрттың пікірлері оған теріс әсер етіп, соның кесірінен күйзеліске түскен.

Содан бері ол Ұлыбританияда лотереяның жас шегін 16 жастан 18 жасқа дейін көтеру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Ол 2013 жылы лотерея ұтып алған кезде, Range Rover мен Hibernian-ға мезгілдік абонемент сатып алып, достарымен Ибицада демалатынын айтты.

Кейінірек ол чипсы дүкеніндегі жұмысына қайта оралды, өйткені қызға тәртіппен өмір сүрген ұнайды.

2017 жылы The Sunday People алдында сөйлеген сөзінде Джейн: "Мен олжа өмірімді он есе жақсартады деп ойладым, бірақ, керісінше, он есе нашар етті. Бұл ақшаны ұтпауым керек еді”, – деді бай қыз.

Джейннің айтуынша, оны ешкім түсінбей, бұл пікірі үшін одан сайын сынға алады.

"Адамдар маған қарап "мен оның орнымда болғым келеді, оның ақшасын алғым келеді" деп ойлайды. Бірақ олар менің қиыншылығымның дәрежесін түсінбейді”, – дейді ол.

Олжалы қыз кейіннен дизайнерлік киімдерден жалығып, баяғы өмірін сағына бастапты. Тіпті байлығына қызықпайтын жігіт таба алмай қиналған. 

Ол 2015 жылы жігіті Марк Скейлспен арақатынасын үзеді, өйткені достары қызға Марктың ақша үшін жүргенін айтты. 

Дүниеге кенелген қыз іштей өзін бос сезінгенін де жасырмады, бірақ кейін ата-анасы оның ойын өзгерткен. “Осыған дейін көп заттар алып, қалауыңды жасадың, енді ақшаны инвестициялау туралы ойлау керек", –  деді ата-анасы.

Содан кейін ол мүлік алып, ақшасын банкке салды.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 23 Қаңтар, 2023 13:52
Талқылау