"Ешкімге айтпай кетіп қалдық": Бүркіт жары Аишаны жалғыз өзі перзентханадан шығарып алды
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Бүркіт жары Аиша мен жаңа туған сәбиін перзентханадан шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жақында төртінші рет әке атанған еді.
Келіні мен немересін қарсы алған Бүркіттің анасы, ақын Айша Көпжасарованың қуаныштан көңілі босап, көз жасына ерік берді.
"Үйге аман-есен келдік. Мамамның көңілі босап кетті. Жылап қалды", – деп жазды әнші. Ол жұбайын перзентханадан ешкімге айтпай шығарып алғанын атап өтті.
-
"Осындай жар сыйлағаныңызға рақмет": Бүркіт әйелінің анасына көлік сыйлады
-
"Ене сіздей-ақ болсын!": Әнші Бүркіттің анасы келіні Аишаға өлең арнады
Желі қолданушылары жұлдызды отбасыға ақжарма тілектерін айтып жатыр.
"Бүркіт, Аиша қуаныштарыңыз ұзағынан болсын! Бөпеңіздің бауы берік болсын! Бақытты қыз болсын. Ана шіркін сондай ғой, перзенті үшін қуанса да көзіне жас алады", – деп жазды олар.
Еске салайық, Бүркіттің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталған еді.

"Фанатизм деген осы": Өзіне көмектеспек болған азаматтан қашқан орамалдағы қыз желіде сынға қалды
