"Ешкім жүкті екенін байқамаған": Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы үш медициналық тексеруден кейін босанған
Фото: ЖИ
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында жантүршігерлік оқиға болды. 9-сынып оқушысы босанған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Білім басқармасының мәліметінше, 14 жастағы оқушы 13 қазанда босанған.
"Жасөспірім бұған дейін үш рет медициналық тексеруден өткен: 13-18 наурыз аралығында аудандық ауруханада, 28 мамырда жазғы демалыс лагеріне тіркелу кезінде және 10 қыркүйекте ата-анасымен тексеру кезінде. Бұл жағдайлардың ешқайсысында дәрігерлер ерте жүктілік белгілерін тіркемеген", – деп хабарлады Ақтөбе облысының білім басқармасы.
Жамбыл облысында 12 жасар оқушы депутаттың күйеуінен жүкті болған: Сот үкім шығарды
Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы қыз жүкті болып қалды
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар жүргізіледі. Полиция департаментінің басшылығы тергеу барысын қадағалап отыр", – деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат берілмейді.
Облыстық полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іске күдікті ретінде кәмелетке толмаған қыздың өгей атасы, яғни әжесінің күйеуі тартылды.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында депутаттың күйеуі 12 жастағы оқушыны жүкті етті депайыпталғаны туралы жазған едік. Бұл факті бойынша үш қылмыстық іс қозғалған: қылмыс туралы хабарламау, заңсыз түсік жасату және зорлау.

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
