"Ешкім жедел жәрдем шақырмаған": Алматыдағы ең қымбат фитнес-клубта келуші 7 метр биіктіктен құлап кетті
Видеодан скрин
Алматыдағы ең қымбат Esentai Fit&Spa фитнес-клубында келуші 7 метр биіктіктен құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 28 шілде күні таңғы сағат 8-де орын алды. Бұл туралы жәбірленушінің қызы Сабина желідегі парақшасында жазба қалдырған. Оның айтуынша, жаттығу барысында канат үзіліп кеткен, нәтижесінде оның әкесі 7 метр биіктіктен құлаған. Ер адам орташа ауырлықтағы арқа жарақатын алған.
“Арқанның үзілуі – бұл құрал-жабдықтың техникалық жағдайына байланысты қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылуы. Бірақ, ең сорақысы клуб қызметкерлері оқиғаға мүлде бейжай қараған. Жедел жәрдем шақырмаған, алғашқы көмек көрсетпеген, тіпті жағдайын сұрауға да келмеген. Әкеме клубтағы келушілер ғана көмектескен. Ал клуб әкімшілігінің "өз аяғымен кетсе, бәрі жақсы деген сөз" деп жауап берді”, – деп жазды жәбірленушінің қызы.
"Миына екі ота жасалды": Астанада алты жасар қыздың үстіне футбол қақпасы құлап кетті
Кейінірек клуб зардап шеккен клиентті мүшеліктен шығарып тастаған көрінеді.
Жәбірленушінің қызы туризм және спорт министрлігі, сондай-ақ Алматы қаласының тұтынушылар құқығын қорғау басқармасына үндеу жасап, клубтағы құрал-жабдықтың техникалық жағдайына толықтай тексеріс жүргізуді талап етті.
Айта кетейік, Esentai Fit&Spa клубының директоры – Киселев Сергей Константинович (2025 жылғы 1 наурызда тағайындалған). Ал құрылтайшылары Галин Ербол Асқарұлы, Кенебаев Даулен Әділбайұлы, Тұрсынханов Темірлан Асқарұлы, Сейсембаева Сая.
Құрылтайшылар қатарында белгілі кәсіпкер Мағұлан Сейсембайдың жары мен жиені де бар.
Ашық дереккөздерге сүйенсек, фитнес-клуб 2025 жылдың алғашқы жартысының өзінде мемлекетке 203 миллион теңге салық төлеген. Ал 2023 жыл 159 миллион, 2024 жылы 122 миллион салық төлегені белгілі.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
