Ешкім ұрған жоқ: Диная өзінің соққыға жығылғанын жоққа шығарды
Әнші Диная осыдан біраз уақыт бұрын бет-аузы соғылған суретін жариялап, елді шошытқан еді. Әншінің ерні жарылған. Бір қарағанда, Динаяны біреу аяусыз соққыға жығып кеткендей көрінеді. Алайда әнші мұны жоққа шығарып отыр.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.
“Ісіп кеткен қолмен осылай ернімді ұстап бара жатқаным есімде. Ернім екіге бөлініп кеткендей еді. Жағым ішіне кіріп кеткен. Тістерім соған жабысып қалған. Қатты қиналдым. Өзімді ұсқынсыз сезіндім. Енді не істеймін? Қалай ән айтамын? Енді мен кімге керекпін деп ойладым”, – дейді Диная.
Әншінің айтуынша, оны ешкім ұрып соқпаған. Бәрі кездейсоқтықтан болды деп отыр әнші.
“Қажетсіз уақытта қажетсіз жерден табылдым. Маған бірдеңе ұшып келді. Адам ол заттың маған қарай ұшып келетінін білген жоқ. Ол адам мені тіпті, танымайды да”, – дейді Диная.
Болған оқиғадан кейін Диная бір айдан соң сахнаға шықты. Дәрігерлер оның сөйлеуінде қиындықтар болуы мүмкін деп алаңдағанымен, қиын күндердің бәрі артта қалды.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
