Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешкім араша түспеді": Алматылық тұрғын баласын автобуста ұрып кеткенін айтты

Алматылық Елена Семенова автобуста балаларының басынан өткен жайт туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, 17 және 9 жастағы балалары 4 қаңтарда Медеуге барған.

"Достық даңғылындағы Ритц сарайы алаңындағы №12 маршруттың ішінде 17 жасар ұлымды шамамен 2: 45-15: 00 шамасында ер адам жақ сүйегінен бір ұрған. Автобуста балаларға ешкім араша болмады. Медеуде сол автобуста болған қыздар ұлыма жақындап, бұл қорқынышты болды деді", - деп жазды анасы Facebook парақшасында.

Әйел автобустың бүйір нөмірі мен кабинаның ішіндегі камералар бойынша ер адамды табу қиын болмайтынына сенім білдірді.

"Мен биліктен шара қолдануды, кінәліні тауып, жазалауды сұраймын. Ұлым "керек емес, бәрібір ешкім оны іздеп таппайды деді. Жас ұрпақтың бойында билік пен әділеттілікке деген сенімі осында", - деп жазды Елена.

Қалалық полиция бөлімі бұл факт Медеу аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 06 Қаңтар, 2020 09:26
Талқылау