Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Ешқашан белдік тақпайтын": Досым Сүлеев марқұм Бақытжан Жұмаділовтің қазасын есіне алды

Танымал композитор Досым Сүлеев Дос-Мұқасан тобының әншісі, марқұм Бақытжан Жұмаділовті есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Өнер иесі марқұмның жан жолдасы, әріптес-досы болғанын “Алғашқы” бағдарламасында айтып берді. 

“Қайғылы оқиға Қордай асуында болды. Бақытжан өте экстермал, жанкешті адам еді. Ол оқиғаның өткеніне де – 15 жыл. Жамбыл облысына аң мен балық аулап кеткенбіз. Өзім аңшылықты жақсы көрдім. Кейін Бақыт та қызыға бастады. Наурыз айы болатын. Жер тайғақ еді. Марқұм машина айдағанды қатты жақсы көретін. Жылдамдықты асырып айдайтын. Оны МАИ қызметкерлері де таниды. Ешқашан белдік тақпаған. Келе жатқанда жолдың мұз екенін көріп, “Баха, машинаны жәй айдашы” дедім. Содан кейін көп өтпей, көліктің рөлі кейін қарай айнала бастады. Жолдың қақ ортасында көлденеңнен тұрып қалдық. Кеш батып кеткен уақыт еді. Бізді келе жатқан көлік соқты. Есімді жиғанда машинаның төңкеріліп жатқанын сездім. Бір күннен кейін ауруханада ояндым. Жан-жағымнан досымды сұрастырғанда, “Бақытты Алла алып кетті” деді. “Жан досым” – әні сол қайғылы оқиғадан кейін туған ән”, – деді композитор. 



Еске салайық, жақында “Дос-Мұқасанның” солисі, әнші Ақжол Мейірбеков те өмірден өткен еді. 

Музыкант 2010 жылы қайтадан "Дос-Мұқасан" тобына оралып, осы күнге дейін ансамблдің әншісі болды.

Ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, құрмет орденінің иегері және ерен еңбегі үшін медалінің иегері атағына ие.

Ақжол Мейірбеков Шарипа ханымға үйленіп, сол некесінен 1 қыз, 2 ұл сүйді. Луиза, Сұлтан және Тимур есімді балаларынан 8 немере мен 1 шөбере көрді.

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 21 Сәуір, 2025 12:57
Талқылау