AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешқандай құрылыс жүрмейді": Нұр-Сұлтан әкімі Талдыкөл маңында экосаябақ пайда болатынын айтты

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Кіші Талдыкөлде ешқандай құрылыс жүрмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Асхат Ниязовқа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Newtimes.kz басылымына сілтеме жасап. 

талдыкөл

"Кіші Талдыкөл көлінде ешқандай құрылыс жүрмейді. Айналасы абаттандырылады. Жасыл орамға қарама-қарсы 20 гектар жерде экосаябақ пайда болады. Қазір бұл нысанда су жоқ, буланып кеткен. Біз абаттандыру жұмыстарын жүргіземіз. Бұл ауданға саябақ керек. Жасыл желек отырғызамыз, жоба дайындалып жатыр, ақша бөлінеді", – деді әкім.

Сонымен қатар қала басшысы Кіші және Үлкен Талдыкөлге судың қайдан келетінін түсіндірді. 

"Ол жерге нөсер канализация жүйесі арқылы су барады. Үлкен Талдыкөлге қазір су барып жатқан жоқ. Кәріз-тазалау нысандарында су фильтрден өткізіліп жатыр, әрі қарай өзенге бұрылады. Қазір судың бір бөлігін аздап жіберу туралы ойластырып жатырмыз, себебі 4-5 жылда Үлкен Талдыкөл суы 5-6 рет буланып кетті. Бұрын қалай еді? Жағымсыз иіс болатын", – деді Көлгінов. 

Әкімнен неліктен Кіші Талдыкөл маңында су қорғау аймақтары орнатылмағанын да сұрады. 

"Әдейі ешкім жасамайды. Барлығын есепке алдық. Сондықтан су бар нысандар қалады. Ал суы жоқ жерлерде саябақ салынады. Қазір Экология министрлігімен бірге барлық өтініштерді есепке ала отырып су қорғау аймағы жайлы қайта қарастырып жатырмыз. Барлығы анықталады, заң сақталады", – деді ол.

Сонымен қатар әкім мораторийге қарамастан неліктен Талдыкөлдегі учаскелердің бірінде құрылыс компанияларының бірі тексерілгенін де айтып берді. 

"Бұған тұрғындардың өтініші мен арызы себеп болды. Қазір орта және шағын бизнеске қатысты мораторий енгізілген. Бірақ бұл тұрғындар мен адамдардың қауіпсіздігі, нысандағы құрылыс қауіпсіздігіне байланысты болса, мұны прокуратура органдарында тіркейміз. Тек осыдан кейін ғана тексеріс бастаймыз", – деп жауап берді Алтай Көлгінов. 

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан тұрғындары Кіші Талдыкөлдің тартылып бара жатқанын айтып, дабыл қаққан. Олардың сөздеріне сенсек, былтыр сот шешімімен тоқтауы тиіс болған құрылыс биыл қайта жанданған. Алайда қала әкімдігі көлдің тартылуын құрылыс жұмыстарымен байланыстырмайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр