"Химия және биология пәндерінің ұстаздарын зертханаларға тарту қажет": Депутат денсаулық сақтау министрлігін сынға алды
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова денсаулық сақтау министрлігінің пандемияға қарсы күрестің жаңа кезеңіндегі әрекетін сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Денсаулық сақтау министрлігі өзінің барлық шенеунік аппаратымен бірге көбін өздері жасап шығарған денсаулыққа байланысты мәселелерге үйреніп алды. Атап айтсақ, ірі көлемді бюджет қаражатына. Ешқандай қолдау, тегін қызмет көрсету мен емдеу шаралары жоқ. Барлығын азаматтардың өздері шешуі керек", - деді депутат Facebook парақшасында.
Ол неге жеке клиникалардың азаматтарды емдеуге қатыспайтындығына және қазір демалыста жүрген биология немесе химия пәндерінің мұғалімдерін емханаларға жұмысқа шақырмайтынын түсінбейді.
"Мен өзім биология пәнінің ұстазымын. Мен де пайдалы бола алар едім. Волонтер ретінде көмектесуге дайынмын. Неліктен медициналық институттарда университет клиникаларын ашпасқа? Мүмкін медициналық институттардың өздерінде? Медициналық колледждердегі лабораторияларда? Мүмкін, қонақ үйлер сияқты бейімделген бөлмелерде?"- деп сұрады ол.
Депутат денсаулық сақтау министрлігін қолдарынан келмей жатқанын мойындап, "жұқпалы аурумен күрес жөніндегі жұмысты құруға" шақырды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
