Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешбір елде мұндай қызметті көрмедім": Ресейлік журналист Илья Варламов Алматы әуежайының қызметкеріне алғыс білдірді

Танымал ресейлік журналист әрі саяхатшы Илья Варламов Алматы әуежайының қызметкеріне алғыс білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/@varlamov

Журналистің айтуынша, ол қазір жарақатына байланысты әуежайларда ұшаққа мүгедектерге арналған арбамен мініп-түсуге, сондай-ақ жанында екінші бір адамның сүйемелдеуіне мұқтаж. 

“Алматы әуежайындағы ел назарынан тыс қалған батыр туралы айтқым келеді. Жарақатыма байланысты қазір арнайы алып жүрушілердің көмегімен ұшып жүрмін. Бұл мені мүгедектер арбасымен қарсы алып, әуежайдан шығаруға көмектеседі деген сөз. Соңғы апталарда мен Рим, Дубай, Амстердам, Тель-Авив, Ташкент және Алматы әуежайларындағы қызмет көрсету сапасын зерттедім. Ал Қазақстан бұл тізімде бірінші орында (соңғы Тель-Авив)”, – делінген журналист жазбасында. 


“Ұзын-сонар кезек пен лас дәретханалар": Қазақстандықтар Алматы әуежайындағы жаңа терминал қызметіне жаппай шағымданды


Журналист Алматыға ұшып келгенде өзін Нариман есімді жігіттің қарсы алғанын айтады. 

“Мен түнде Алматының жаңа терминалына ұшып келдім. Ол бір апта бұрын ғана ашылған, аяқталмаған нәрсе көп. Ұшақтан мені Нариман деген жігіт қарсы алды. Ол менің барлық қоқысымды ептілікпен тіземе қойды, біз жолға шықтық. Нариман кеш болса да, керемет қонақжайлық танытты. Ұшақтан түсіп, көпірден шыға сала бізді бірінші сынақ күтіп тұрды, лифт жұмыс істемейді. Нариман менің барлық заттарымды алып, баспалдақпен жоғары көтерілді. Ол мені де көтеріп шығаруға дайын болды, бірақ мен әйтеуір өз күшіммен шықтым. Келесі сынақ бізді екінші лифтте күтіп тұрды. Лифт істеп тұр, бірақ Нариманды тоқ соқты. Ол айқайлап жіберді, бірақ соққы күшті болмады. Басқа адам болғанда сол жерде мені де, мұндай жұмысты да тастап кетіп қалар еді, тек Нариман емес! Тоқ соққысына, баспалдақтағы қиындықтарға қарамастан, ол мені мүгедектер арбасымен алып жүруін жалғастырды”, – делінген жазбада. 

Журналистің айтуынша, Нариман барлық тексерістерден өткен соң, қонағын таксиге отырғызып жіберуге де дайын болған. 

“Ең соңында, біз барлық бақылаулардан өткенімізде, Нариман мені ары қарай ертіп, таксиге отыруға көмектесуге дайын болды. Бұл оның жұмысы емес, ол менің кім екенімді де білмейді, ол жай ғана мейірімді жан және бейтаныс адамға көмектескісі келді.  Ешбір елде мұндай қызметті көрмедім”, – дейді журналист. 

Журналист әуежай қызметкеріне алғысын жаудырып, әуежай басшылығынан аталмын қызметкерге сыйақы беріп, демалысқа жіберуді сұрайды. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әуежайына жаңа басшы тағайындалғаны туралы жазған едік. 

Талқылау