"Еш өзгермеген": Әли Оқаповтың 20 жыл бұрынғы видеосы елді сүйсінтті
Әли Оқапов бала кездегі естелігімен бөлісті. Әнші шамамен 20 жыл бұрын сұхбат берген сәтін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.
Бала Әли анасы Роза Рымбаева жайлы сыр бөліскен.
"Қайда барса да, барлығы оны таниды. Бірақ әркез емес. Сахнаға ол үнемі боянып, көйлек киіп шығады.
Күнделікті боянып жүре алмайды ғой, қарапайым адам сияқты жүреді. Бірақ сонда да оны танып қояды", – деген екен бала Әли.
Желі қолданушылары Әлидің 20 жылда еш өзгермегенін атап өтті. Көпшілігі Әлидің тәрбиелі, текті азамат екенін атап өткен. Сөйлеу мәнерінің бала кезден қалыптасқанына таңырқаған фанаттар оның видеосына сүйсінді.
"Анаммен келіспеймін": Әли Оқапов Иманбектің тыңдармандарынан кешірім сұрады (видео)
"Оның бәрі өсек": Роза Рымбаева жаңа келіні мен үлкен той мәселесін айтты
"Шал, еш өзгермепсің", "Кішкентай болсаң да, ересек адамның сөзі", "Сондай тәтті және ересек", "Болар бала жасынан", "Өте әдепті бала, әлі де сондай", “Сөйлеу мәдениеті сол кезде қалыптасқан”, – деп жазды оқырмандар.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
