Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есеп пен белгі үшін жұмыс істеудің қажеті жоқ": Алматы тұрғындары қалада пайда болған билбордтарды сынады

Алматылықтар қалада пайда болған билбордтарға наразы. Айтуларынша, бұған бөлінген ақшаны әлдеқайда пайдалы дүниеге жұмсауға болатын еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

билборд

Санжар Бокаев есімді әлеуметтік желі қолданушысы Алматыдағы жаңа билбордтарға көңілі толмайтынын жазыпты. 

"Әкімдіктергілердің маска туралы билбордтарға қаражат жұмсауын түсінбеймін. Вируспен күресіп жатқанымызға бес ай өтсе де, біз әлі маска туралы айтып келеміз. Маска кию керектігін тұрғындардың өздері айтпаса да біледі. Бұл ақпараттық науқан наурыз, сәуір айларында өтеуі қажет еді", - дейді ол.

Сөзінше, мамыр айынан бастап мынадай жазбалар ілінуі керек еді:

1. COVID-19 симптомдары байқалса, мына нөмірлерге хабарласыңыз...

2. Коронавирусты емдеу хаттамаларын мына сайттан оқи аласыз...

3. Дәріханалардың нөмірлері мен мекен-жайлары... 

4. COVID-19-ға байланысты мамандардан тегін кеңес (дәрігерлердің нөмірлері).

Сондай-ақ желі қолданушысы билбордтарда "Тіл туралы" заңның бұзылғанын байқаған. Ол кеңестер қазақ тілінде жазылмағанын алға тартты. 

"Өкішке орай, бізде маска тағудың маңыздылығын түсінбейтін адамдар жетерлік. Оларға ешнәрсе айтудың қажеті жоқ. Ал бұл ақшаға маска туралы жазғанша, одан да сол маска мен дәрі-дәрмек сатып алуға арнауға болатын еді. Мемлекеттік органдар әйтеуір "Біз біргеміз" деп жар салып отырулары керек. Бірақ оның пайдасы бар ма? Есеп беру мен белгі үшін жұмыс істеу түкке тұрғысыз", - деді ол. 

Талқылау