Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдар мейірімді болуы керек": Алматылық еріктілер шалшықтан балықтарды құтқаруға не түрткі болғанын айтты

Алматылық еріктілердің Хамит Ерғали жағауынан балықтарды құтқарып жатқан видеосы желіде тарап жатыр. Stan.kz тілшісі еріктілермен байланысып, бұл іске не түрткі болғанын сұрап білді. 

асхат

Күн суытқалы Хамит Ерғали жағалауынан су тартылған. Ал ондағы балықтардың жағдайын ойлап жатқан ешкім жоқ. Қызымен қыдырып жүрген ерікті кәсіпкер Асхат Абжанов жағалауда (көпшілікке Весновка атауымен танымал) су тартылған жерлерді балықтардың жатқанын көрген. Бірден балықтарды басқа жаққа көшіру керек деген оймен өз командасынан көмек сұраған.

"Весновкаға жақын жерде тұрамыз. Жағалау маңында қызыммен қыдырып жүрген едік. Судың тартылғанын байқадық. Ал шалшықтарда көп балықтың қалып қойғанын байқадық. Су кеуіп кетсе, балықтар қырылып қалатынын ойлап жанымыз ашып кетті. Сондықтан офиске келіп, достарымнан көмек сұрадым. Балықтарды құтқару керек деп өтініш айттым. Солай жағалауға келдік. Алғашында бауырсақ пісіретін кепсермен (дуршлак - ред.) алуға тырыстық. Бірақ өте ыңғайсыз болды. Сосын дәріханадан дәке сатып алып, аулай бастадық", - дейді Асхат. 

Асхат балықтарды үйге апарып қуырып жеген жоқпыз дейді, әзілдеп. Аулаған балықтарды жағалаудың суы көп жеріне апарып жіберген.

"Ауланған балықтарды шелектерге салып жағалаудың суы көп жеріне апрып жібердік. Шамамен 200-ге тарта балық ауладық. Өте көп балық болды", - дейді ол. 

Еріктілердің бұл әрекеті жағалауда демалып жүрген адамдардың да ерекше назарына түскен. Арасында жатырқап қарағандар да болды дейді Асхат. Кейбірі телефондарына видеоға түсіріп, желіге саламыз деп алғысын айтып жатқандар болды дейді ол. 

"Көшеден өткен халықтың арасында не істеп жатқанымызды сұрағандар да болды. Шамасы олар балықты аулап үйіне апарып қуырып жейін деп жатыр деп ойласа керек. Кейбіреулері суретке түсірді. Әртүрлі реакция танытты. Көбі кішкентай ғана шалшықтан сонша көп балық шыққанына таңғалды. Бір ер адам бізге келіп, төмен жақтан балықтарды көргенін, бірақ оларды басқа жаққа көшіру ойына келмегенін айтты. Ол балықтарға тамақ сеуіп кеткен көрінеді. Бізге жарайсыңдар деп өз алғыстарын айтып кетті. Бір байқағаным, ешкім қырылуға таяу қалған балықтарға көңіл бөлгісі жоқ", - дейді ол. 

Асхаттың айтуынша, болған істен кішкентай қызы мол тәлім алған. Өйткені адамдар мейірімді болуы керек деген тәмсілге нақты мысал көрсеттім дейді. Өзіміз үшінде жағымды іс жасадық дейді Асхат Абжанов. 

Желі қолданушылары өз кезегінде жігіттерді мақтап, жасаған игі істері үлгі екенін айтты. Көпшілігі жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 

"Жарайсыңдар жігіттер", "Қаншама балықтың өмір сүруіне себепші болдыңдар", деп ыстық ықылыастарын білдірді.

STAN.KZ
Жұма, 06 Қараша, 2020 16:09
Талқылау