Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есебаев хит әнін Айдана Меденоваға бермегеніне өкініп қалды

Белгілі сазгер Бауыржан Есебаев “Ақ бұлттан жасап алғанмын” деп аталатын хит әнін  қылмыскерді іздеп жүрген кезде жазғанын айтып жұртты таң қалдырды,-деп жазды Stan.kz  сайты “Қазақстан” арнасындағы “Сазгер” бағдарламасына сілтеме жасай отырып.

айдон

Бауыржан Есебаев Тараз қаласындағы ІІД-ның  іздестіру бөлімінде жұмыс істеген. Ол Еркін Нұржановтың орындауындағы “Ақ бұлттан жасап алғанмын” әнінің шығу тарихына тоқталды.

“Таңертең жұмысқа барып,терезеден аспанға қарап отырдым. Сол сәтте көзіме әдемі бұлыт түсті. Бірақ қасымдағы әріптестерім қауіпті қылмыскерді іздеу шараларына кірісіп жатқан еді. Сол күні қүдіктіні іздеп жүріп,кешке дейін осы әнді жазып бітірген едім”,-деді сазгер Есебаев.

Мұны тыңдаған студия қонақтары заң қызметкері бола тұра шығармашылығын қатар алып жүрген сазгердің әрекетіне ду күліп алды.

Тура осы әнді әнші Айдана Меденова бағдарлама барысында жанды дауыста орындап шықты. Мамандарды орындау шеберлігіне тәнті еткен Айданаға әннің қазіргі иесі “Жігіттер”тобының продюсері  Ерғали Әбдрайымов  сатуға да дайын екенін айтып қалды.

“Бағдарламадан кейін бұл туралы сөйлессек болады. Менің номерімді тауып алу қиын емес”,-деді продюсер Әбдірайымов.

Оқи отырыңыз:

Тоқтар Серіков: 91-ге ерегіскенде сақалым ағарғанша сахнада жүремін

Жұрт 7 жылға сотталған Жаманқұловты тойдан көргенде қуанып қалды (видео)

Бибігүл Төлегенова: Мен латын әліпбиінде білім алғандардың бірімін

Димаштың жанкүйерлері ортақ құжат қабылдады

Талқылау