Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есболат Беделхан “Ninety one” тобының қыздарша нұсқасын құрмақ

Шығармашылық жолдарын әншіліктен бастаған Беделхандар отбасы бүгінде біртіндеп продюсерлік қызметке ауысып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

20321020

Олардың үлкені Ерболат Беделхан “Ninety one” тобын құрды. Ол үшін мақтау да, даттау да естіді. Қоғамда екітүрлі көзқарас, тіпті, дау тудырған топтың бүгінде сан мыңдаған тыңдарманы бар. Оны ешкім де жоққа шығара алмас. Ағасының ізін жалғап Есболат Беделхан да енді продюсерлік қызметте. Ол «Q-pop» жанрында ән салатын қыздар тобына кастинг жариялады.

Беделханның айтуынша, қазірдің өзінде кастингке қатысуға 500-ден аса ару өтініш білдірген. Алайда ендігі продюсер әлі қанша қыз қабылдайтынын шешпеген болып шықты, деп хабарлады Гәкку.

«Топтың санын нақты қойған жоқпын. Мүмкін 3 қыздан тұрады. Биікке шыққаннан кейін, елдің алдына шықаннан кейін соған лайықты болу керексің, әр сынға да дайын бол деген сөз. Сондықтан болашақ тобым бәріне де дайын болады», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобының 9 түрлі жақсы қасиетін атады (видео)

Көкшетау тұрғындары “Ninety one” тобының концерт өткізуіне қарсы

“Ninety one” тобының әндерінен попурри орындаған қыздар ғаламторды «жарды» (видео)

Артық сұрақ болмас үшін: Лидо өзінің қай ұлттан екенін айтып берді

Талқылау