Ержет Жарылқасын әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ержет Жарылқасын Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Ержет Жарылқасын грек-рим күресінен Албаниядағы олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдені қанағат тұтты. 63 келіде белдескен отандасымыз финалда Әзірбайжан балуаны Нихат Маммадлиге 6:1 есебімен есе жіберді. Алғашқы айналымында отандасымыз 1 ұпай иеленіп, алға шыққанымен, екінші айналымда қарсыласына 6 ұпай беріп, жеңіліп қалды. Осылайша 25 жылдан бері әлем чемпионатының алтыны бұйырмай жүрген отандық классикалық балуандардың сәтсіздігін Ержет Жарылқасын да бұза алмады.
Айта кетейік, бұған дейін Жәмила Бақбергенованың үшінші рет әлем чемпионатының алтын жүлдесіне таласатыны туралы жазған едік.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ