"Ертең қызық болады". Қаруланған ер адам астаналықтардың үрейін ұшырды
23 жастағы елорда тұрғыны әлеуметтік желіде қарумен суретке түсіп, тұрғындардың үрейін ұшырды. Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
25 маусым күні "Вконтакте" әлеуметтік желісінде жас жігіт әскери киім киіп, қару-жарақпен суреттер жариялаған. Суретте "ертең Нұр-Сұлтанда қызық болады" деген сөздер болған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жарияланымның авторы - 23 жастағы астаналық.
"25 маусымда "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің қолданушысы парақшасында қарумен түскен суреттерін жариялады. Сурет авторы әскери форма киіп алған. Одан бөлек, 102-ге қала тұрғыны ұлына "ертең астанада қызық болады" деген суреттер келгенін айтқан", - дейді қалалық ПД өкілдері.
Ол ұсталып, полицияға жеткізілді.
"Сурет авторының сөзінше, ол страйкболмен айналысып, жазбаны "ВКонтакте" желісінде оқырман санын көбейту мақсатында жазған. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталып, атыс қаруына ие екенін анықтау мақсатында баллистикалық сараптама тағайындалды", - деді полиция өкілдері.