Ертең Қазақстанда қар жауады деп күтілуде
Ертең Қазақстан аумағында ауа-райы күрт бұзылады. Алдымен суық атмосфералық фронт, одан кейін оңтүстіктік циклон алдағы үш тәулікте Қазақстан ауа-райына әсерін тигізеді.
Еліміздің солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран болады, қатты жел соғады. Еліміздің батысы мен орталығында кей жерлерде қар жауады, күндізгі ауа температурасы минус 3 пен плюс 3ºС аралығында болады. Алайда мұнда көктайғақ болады.
Қазақстанның оңтүстігінде 2-желтоқсан күні, ал 3 желтоқсан күні оңтүстік-шығыста, ауа температурасы 2…плюс 10ºС, күн жауын-шашынды болады. Алдымен жаңбыр, оның артынша қар жауады. Сондай-ақ, оңтүстік батыста қатты жел соғады.
Қазгидромет жолдарда, әсіресе қаланың сырт жағында абай болуды ескертеді.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда Халық қаҺарманы Роза Бағлановаға көше аты беріледі
Министрлікке мінез көрсеткен «Эйр Астанаға» ірі көлемде айыппұл салынды
Темекі шеккен хиджабтағы қыздар желі қолданушыларын шошытты (видео)
Алматылық әуесқой автомобильші АЖҚС-ның құйтырқы әрекетін әшкереледі