Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерсайын Ерқожа Бауыржан Бәйбекті балаларға жағымпаздықты үйретпеуге шақырды

Білім саласының маманы Ерсайын Ерқожа Алматы әкімін балаларға жағымпаздықты үйретпеуге шақырды.

дщзж

Сурет: forbes.kz, youtube.com

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осы уақытқа дейін білім саласының маманы Ерсайын Ерқожа “18 жылда 12 министр ауысқан білім қайтіп оңады?” деген тақырыппен мақала жазып, биліктегілерді санынан сапасына мән беруге шақырған болатын. Енді, міне, маман Алматы әкімін балаларды жағымпаздануға үйретпеуге шақырды.

“Барлық білім қызметкерлерін, мұғалімдерді, ата-аналарды, оқушыларды бізге тәуелсіздік бергелі басталған 26-шы оқу жылымен құттықтаймын. Мұғалімдердің еңбектеріне жеміс, оқушылардың сапалы саналы тәрбие алуына тілектеспін. Бүгін Алматы қаласы, “Шұғыла” шағын ауданында №174 мектеп-гимназия ашылып, соның ашылу салтанатына Бауыржан Байбек қатысты. Бұл Иманғали Тасмағанбетовтың қызы Әселмен оның жолдасы Кеңес Рақышевтың көмегімен Алматы қаласының Наурызбай ауданына тартқан сыйы екен.

Сондықтанда осы “Шұғыла” шағын ауданының атынан рахметтен басқа айтарымыз жоқ. Қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің 5 минуттық сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болмаса, оның басшылығынсыз, оның айтуынсыз, өзінің ешқандай жұмыс істемейтіндігін көрсеткен сияқты. Себебі, өз сөзінде оның аты-жөнін, қызметін 6-7 рет қайталады. Осының оқушыларға керегі бар ма еді? Бұның өзі жас жеткіншектерді білім тәрбие алуға емес, шенеуніктерді өтірік мақтауға тәрбиелейді емес пе? Сондықтан да басшылар кімнің алдында қалай сөйлеу керек екендігін білуі тиіс деп білемін. Бұл болашақ жастарды тәрбиелеуге зиянын тигізе деп білемін”, – дейді ол фейсбуктегі парақшасында.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жас келіншек бұрынғы әйелімен төсектес болған күйеуін қызғанып жүр

Тұрмыста таршылық көрген шымкенттік ару бүйрегін сатпақ

Қазақстан мектептеріндегі сабақтар 40 минуттан оқытылатын болды

Бас прокурор Абу-Даби Плазадағы төбелеске қатысты: екі қылмыстық іс қозғалды

Талқылау