Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерніне қарап адамның мінезін тануға болады

Аристотель өз заманында адамның ішкі «мені» мен ерні тығыз байланысты екенін айтқан. Одан бері де ғалымдар еріннің адам болмысына әсері барын анықтады.

Ерні кішкентай адамдардың мінезі тұйықтау келеді. Бірақ тез тіл табысады. Кез келген жағдайдадан шығар жол таба біледі. Өмірге шынайы көзқараспен қарайды. Тосынсыйларды жақтырмайды. Жоспар құрып жүреді.

Астыңғы ерні жоғарғы ернінен үлкен жандар эмоцияның адамы. Олар бір орында отыра алмайды. Үнемі ізденісте жүреді. Оларға өмілік жарын табу қиын емес. Олармен әңгімелескен қызықты.

Жіңішке ерінді жандарда көшбасшылық қабіле бар. Өз нәтижесін көрсетуге талпынып жүреді. Кек сақтағыш келеді. Ренішті тез арада ұмыта салмайды. Олар өтірік айтанды жек көреді.

Үстіңгі ерні астыңғысынан үлкен болса, мұндай адамда өмірге позитивті көзқараспен қарайды. Тәуекел еткенді ұнатады. Сәттілікке сенеді. Ақшаны үнемдейді. Жатып-ақ ақша табудың жолын ойластыра алады.

Үлкен ерінді адамдар мейірімді жандар. Зерттеуге сәйкес, ең қамқор жандар үлкен ерінді жандар болған.

Жіңішке ерінді жандар сабырлы адамдар. Олар ұрыс, жанжалдан қашып жүреді. Бәрін сабырмен шешеді. Қалжыңды түсінеді. Бейтаныс жандармен араласып кетеді. Олар сырыңды айтуға тұрарлық жандар.

Тағы да оқыңыз:

Өзіңізді тексеріңіз: Тырнаққа қарап адамның қандай екенін білуге болады

Өзіңізді тексеріңіз: Даусына қарап адамның мінезін білуге болады

Өзіңізді “бет картасының” көмегімен емдеңіз

Талқылау