"Ерні қышып, түйіршіктер пайда болған": Павлодарда әйел косметологты сотқа беріп, шығынды өндіріп алды
Павлодарда арнайы рұқсаты жоқ косметолог ерін үлкейту отасын жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: bellezza.ua
Бұл туралы аталмыш косметологқа ернін үйкейту үшін жүгінген павлодарлық әйелдің шағымынан кейін белігі болды. Әйел 2024 жылдың наурыз айында ернін үлкейту үшін косметологқа жүгінген, алайда процедура сәтсіз аяқталған. Әйел біліктілігі жоқ шеберден сот арқылы шығынды өндіріп алды.
Жәбірленушіге сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті көмектескен. Департаменттің мәліметінше, жәбірленуші наурыз айында Instagram желісінде косметологтың жарнамасын көрген. Әйел косметологтың арнайы білімі жоқ екенін білмеген.
Сотта косметолог сол сәтте косметология курсында оқып жатқанын айтты. Ал ерін үлкейту процедурасына жәбірленуші модель ретінде қабылдаған.
“Процедурадан кейін тұтынушының ернінде қышу, ісіну және түйіршіктер пайда бола бастаған. Енгізілген препаратты түзету үшін тұтынушыға үш рет массаж жасалыпты. Осыдан кейін косметолог қызды тексеріп, препаратты алып тастауды және ерінге түзету жасауды ұсынған, бірақ тұтынушы қызмет нәтижесіне көңілі толмай, ұсыныстан бас тартқан”, – делінген сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің хабарламасында.
Осыдан кейін павлодарлық әйел ернінің пішінін түзету үшін басқа косметологқа жүгінген.
“Сотта "косметолог" косметологиялық қызмет көрсету бойынша қызметті заңсыз жүргізгенін мойындады. Ол дерматокосметолог орындауы тиіс талаптар мен стандарттарды бұрын білмегенін айтты. Қазір ол косметологиялық қызмет көрсетпейді және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген", – делінген хабарламада.
Сот шешімімен айыпталушы жәбірленушіге “сапасыз қызмет көрсеткені үшін” 400 мың теңге төлеген.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда артық салмақтан арылу үшін липосакция отасын жасатқан 47 жастағы әйелдің көз жұмғаны туралы жазған едік.