Ернар Лазар президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Фото: Ақорда
Ақорда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа кеңесшісі ретінде Ернар Лазарды тағайындағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.
Ернар Лазар 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, халықаралық қатынастар магистрі.
2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының "Дипломатия" институтын аяқтаған.
Еңбек жолын 2006 жылы сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде маман ретінде бастаған. Әр жылдары сырты істер министрлігінде атташe, үшінші хатшы, Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде қызмет атқарған.
2011-2013 жылдары сырқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, 2013-2017 жылдары Қазақстанның Нидерландтағы елшілігінде екінші, кейін бірінші хатшы болған.
2017-2018 жылдары сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2018 жылдан бастап президенті әкімшілігінің сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінде консультант, инспектор, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары болды.
Айта кетейік, Ернар Лазар – II дәрежелі кеңесші дипломатиялық дәрежесіне ие.
Тоқаев министрлерді неге ауыстырды: Руслан Желдібай ауыс-түйістің себебін айтты
Еске салайық, бұған дейін президенттің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова қызметінен босатылғанеді. Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Сүлейменова президент кеңесшісі – президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылған.

"Қылмыстық істен айналып өтетін жолды тапқан": 50-ге жуық қазақстандық белгілі блогерден ақшаларын қайтара алмай жүр
