Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар туралы 10 дерек

Қазақ эстрадасындағы шоқтығы биік жұлдыздардың бірі, халық сүйіп тыңдайтын әндердің орындаушысы Ернар Айдар оңтүстік астанада және елордада жеке шығармашылық кешін өткізбек. Жас дарын киелі сахнада Arash (Араш), Oceana (Осеана), Serdar Ortac (Сердар Ортач) есімді әлемдік жұлдыздармен өнер көрсетіп, ең танымал әндерінен шашу шашпақ. Осы орайда Stan.kz ақпараттық агенттігі қазақтың сүйікті ұлы жеткен жетістіктерді назарға алып, әнші жайлы деректерді еске салуды жөн көрді.  

  1. Әсем әндерімен тыңдарман жүрегінен орын тапқан Ернар Айдар 1991 жылы 13 наурызда Өзбекстанда, Навои облысында өмірге келді. Қарапайым қара жұмысшылар болашақ әншінің еңбекке деген махаббатын бала күнінде оятқан. 
  2. Әншінің негізгі мамандығы — заңгер. Ол Қазақ ұлттық аграрлық университетінде білім алған. Әйтсе де, жаны өнерді құмартқан жас дарын ЖОО-дағы оқудан қолы босай қала дыбыс студияларына ұмтылған. Ернар Айдардың ең алғашқы әні әкесіне арналған. Әнші ұстазы Қуаныш Құрманбаев сыйға тартқан "Асыл әке" әнін асқар тауы болған әкесінің туған күнінде алғаш рет орындады. 
  3. Үлкен сахнаға алғаш рет 22 жасында шыққан әншінің бағын "Жарығым-ай" әні ашты. 
  4. Өнер иесі мыңнан аса жеке концерт беріп, Қазақстанның барлық дерлік аймақтарында шығармашылық кештерін өткізді. 
  5. Ернар Айдардың ақындық дарыны бар. Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова 55 жасқа толғанда ол Төреғали Төреәлімен бірге шын жүректен шығарған өлеңін сыйға тартты. 
  6. Өнер жолында жастайынан жүрген әнші бірде-бір рет фонограммамен ән айтып көрмеген. Қандай жағдай болмасын Ернар Айдар репертуарындағы әндердің барлығын жанды дауыста айтады. Француз, испан, неміс тілдерінде еркін сөйлей білуінің  арқасында шетелдік әншілердің  әніне  емін-еркін сөз жаза алады. Отандық әншінің сөзіне жазылған әндер Еуропа елдерінде танымал. 
  7. Әншінің 2017 жылы жарық көрген "Күнім, сен сөнбеші" әні мен бейнебаяны ғашықтардың шынайы оқиғасына негізделген. 
  8. Ернар Айдардың бір айлық табысы 10 миллион теңге. Өнер иесі тапқан қаражатының барлығын бейнебаяндар мен ән жаздыртуға жұмсайды.  
  9. Әдемі дауыс иесінің кішкентай тыңдарманы концертке билет сатып алу үшін ата-анасының ақшасын рұқсатсыз алған. Сүйікті әншісімен кездесуді жан-жүрегімен қалаған бүлдіршін көпшілікті балалық іс-әрекетімен тамсандырды. Ал Ернар Айдар қызды концертіне шақырып, кештің  арнайы қонағына айналдырды. 
  10. Әншінің өнердегі кумирі, өмірдегі жақын досы — Мейрамбек Бесбаев.
Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"ҰБТ сертификаттары жоқ студенттер жүр": Екі университеттің лицензиясы тоқтатылды

Жұмысқа орналасу пайызы белгіленген нормаларға сәйкес келмейді, яғни 50%-дан кем

Алматы облысында мектепке кеткен қос құрбы жоғалды

Тәртіп сақшылары қос құрбы Алматыда жүрген болуы мүмкін дейді

#Бізбіргеміз челленджі: Танымалдар жарысып қар тазалауға кірісті (фото, видео)

Тұрсынбек Қабатов: Әр азамат қала тазалығына, тәртібіне өз үлесін қосу керек

Қызылордада көпбалалы ана экс-күйеуін өлтіру үшін жендет жалдаған

Ол 7,5 жылға сотталды

"Жалғызымның артында аңырап қалдық": Алматы облысында ағайындар араздасып, бір адам өлді

Жарақаттарын көріп, дәрігерлер жаға ұстап отыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қанша жалақы алатынын айтты

Нұрымбетов: 1 миллион теңгеден аз

Алматыдағы Никольский базарының орнына тұрғын үй кешені салынады

Бұған дейін базар орнына сауда орталығы салынады деген болжам айтылды

Ислам мемлекетінің 8 жасар баласы нигериялық азаматты өлтірді

Ол христиан дінін мойындайтын қара адамды атып өлтірді

Боранға байланысты Қазақстанның бірнеше жолы жабылды

ТЖМ жүргізушілерден ұзақ сапарлардан уақытша аулақ болуды сұрайды

Жасөспірімдермен жанжалдасқан: Ресейде көз жұмған қазақстандық подполковниктің өлімі жайлы деректер шықты

Жексеновтың үй маңында темекі шеккен жасөспірімдермен жанжалдасқаны айтылды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр