Ернар Айдар концерттен тапқан қаржысын тараздық бүлдіршіннің еміне аударды
Ернар Айдар 1,5 жасар бүлдіршіннің еміне қомақты қаржы аударды. Таразда ән кешін өткізген әнші сол күні тапқан қаржысын Айсезім Еркіннің ата-анасына жеке өзі табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еміне ауқымды қаражат кететін болғандықтан, әлі де ақша жиналып жатыр, көмектесемін десеңіздер, осы парақшада @aisezim_sma_taraz барлық мәлімет!
Айналайын халқым, баршаңызға Алла разы болсын. Мен сіздерге ризамын", – деп жазба қалдырды Ернар желідегі парақшасында.
Сонымен қатар, әнші концерт кезінде өзінің репертуарындағы "Күнім, сен сөнбеші" әнін Айсезімге арнады. Кеш аяқталған соң, тапқан гонорарын бүлдіршіннің ата-анасына өзі табыстады.
1,5 жасар тараздық Айсезім Еркінге арқа бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған. Оған құны 1 миллиард теңге тұратын әлемдегі ең қымбат Zolgensma препараты қажет. Әзірге сәбидің ата-анасы 473 миллион теңгеден аса қаражат жинап үлгерген.
Айта кетейік, жуырда дәл осы препаратты қажет ететін оралдық Фатима Асқардың еміне белгісіз азамат 200 мың доллар аударған еді.