Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар келіншегін жасыруының себебін ашып айтты

Күні кеше жары Мәдинаны ресми түрде елге таныстырған Ернар Айдар “үйленгенімді жасырған жоқпын” деп ақтала бастады. Ернардың ағасы әрі продюсері Талғат Айдардың айтуынша 1000 адам қатысқан тойды халықтан жасырды деудің өзі әбестік.

Бұл туралы “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Ернардың тойын жасырған жоқпыз. Шындығын айтқанда, 600 адамдық мейрамханада жасадық. Бірақ оның ішінде 600 емес, 800 адам жүрді. Далада 400-500 адамдай жүріп қалды. Оның ішінде естіп келген тыңдармандар да бар. 1000-нан аса адам келді, оны қалай жасырамыз? Тек қазақтың салт-дәстүрінде жас келінді жұрттың бәріне көрсете бермеген. Соны ұстанып, әке-шешем қатты жарияламай-ақ қояйық деп өзіміздің ағайын-туыстардың арасында өткізген той”, – деп түсіндірді Ернардың ағасы.

Өз кезегінде Ернар да ағасының сөзін қоштай түсті. “Отағасы атанғанымды бастысы туған-туыстарым мен әріптестеріме айттым” деген ол тойға журналистер қауымын шақырғысы келмегенін жасырмады.

“Шариғат бойынша, үйленген кезде әулетке жариялану керек. Туған-туыстарға, өнердегі аға-әпкелеріме айтылды. Жалпы басқа да өмірдегі аға, әпке таныстарымның бәріне жарияладық. Бірақ біз бұқаралық ақпарат құралдарына айтпадық. Елге танымал адам болған соң, менің әке-шешемнің қалауы сол болды”, – деді Ернар ағынан жарылып.

Сұхбат барысында Ернар жары Мәдинаның махрға алтын алқа сұрағанын айтып қалды.

Естеріңізде болса, сәуір айында ірі жол апатына ұшыраған Ернар біраз уақыт төсектен тұрмай, тыңдармандарын бір қорқытып алған еді. Әншінің айтуынша, басына түскен осы сынақтан кейін дүбірлі той жасаған ата-анасы бұл туралы жаһанға жария етуден қорыққан.

“Ол кезде жүре алмадым. Тіпті, дәретханаға достарым апарып, әкелетін. Карсетпен жүрдім басында. Басқа түскен кезде көреді екенсің. Көзден күнде жас шығатын. Өткен өміріңді ойлайсың. Бірақ сол кезде әуелі Алла, содан кейін дәрігерлердің шешім қабылдауымен аяққа тұрдым. Мен негізі операцияға қарсы болдым, бірақ дәрігер-досым көндірді. Соның арқасында бүгінде аяққа тұрдым. Ал егер ол ота жасалмаса, мен бір жылдан кейін де аяққа тұра алмай қалуым мүмкін деген болжам айтылды. Сол кезде шешім қабылдау өте қиын болды. Ата-анама рахмет, әкем кесіп шешімін айтты”, – деп түсіндірді Ернар.

Талғат Айдар Ернардың жеке өміріне қатысты деректерді халықтың дұрыс түсінбей жатқанын айтты.

“Әкемнің айтқан сөзі бар: “Қорықаннан емес, қуанғанда қатты қорық”, – дейді. Себебі қатты қуаныш болғанда жүректе кішкене үрей болу керек. Қатты қуанышқа қатты беріліп кетсең де болмайды. БАҚ құралдарына хабарласпағанымыз да сол”, – деп түйіндеді сөзін әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғалидің жары Толқын өзі, отбасы жайлы бар шындықты ашып айтты

Төреғалиді ұнатып қалған Толқын оған өзі алғаш хат жазып, сезімін білдірген

Ернар әріптестерінен қалмай, әйелі жайлы толық ақпаратты өзі берді (видео)

Сұлуфан мен Мәди тойға дайындалып жатқандарын айтты

Төреғали Төреәлі Алматы төрінде дүркіретіп той жасады (видео)

Талқылау