Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар екінші рет әке атанды

Қазақстандық әнші Ернар Айдар екінші рет әке атанды. Танымал әнші қызды болды. 

Бауы берік болсын: Ернар Айдар әке атанды

Бұл туралы сүйінші жаңалықты тележүргізуші Анна Данченко мәлім етті. 

"Сүйінші! Ернар Айдар екінші мәрте әке атануыңызбен! Кішкентайдың бауы берік болсын! Ернарқызы! Өте қуаныштымын", - деп жазды тележүргізуші.

"Бауы берік болсын. Үлкен азаматша болып өссін", "Қос қызғалдағыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", "Недеген жақсы жаңалық. Ернар құттықтаймыз", "Тағы да әке болуыңызбен" , "Енді екі қыздың артынан ұл бала ерсін", "Кішкентайыңыздың бауы берік болсын. Дені сау болсын. Бақытты әрі ұзақ ғұмыр нәсіп етсін", - деп жазды желі қолданушылары.

Ернар Айдар мен жұбайының ортақ екі қызы бар. Әншінің екінші қызына қандай есім бергені белгісіз. 

Талқылау