Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар: Концертім болған күні әйелім үйді қарауылдап отырады

Жарты жыл бұрын жол апатына ұшырап, көп ұзамай шаңырақ көтерген Ернар Айдар қазіргі таңда жеке шығармашылық кешіне қызу дайындық үстінде. Республика сарайында өтетін ән кешінде Ернар репертуарындағы 30-ға жуық әнді шырқамақ, деп хабарлайды Stan.kz.

Әншінің 5 жылдық концертіне ата-анасынан бастап, шоу-бизнестегі әріптестері түгел қатыспақ. Алайда жақында ғана ақ босаға аттаған Ернардың келіншегі үшін зәулім сарайдың есігі жабық көрінеді. Оның себебін Ернар “Той Думан” арнасына берген сұхбатында түсіндірді.

“Ол келіп не істейді? Мен ән айтамын, болды. Ол әнші де, биші де емес. Өзі тамақ істеуді енді үйреніп жүрген адам, кішкентай қыз. Айтпақшы үйде ешкім болмайды, соған қарап отырады”, – деп түсіндірді Ернар Айдар.

Тыңдарманын қуантуға асығып жүрген әнші 5 жылдық концерттің басты құпиясын ашты.

“Кештің басты жаңалығы – Ернар Айдар қайтадан сахнаға келді, халықтың тілегінің арқасында міне әнін айтып жүр. Сіздерге алғысым шексіз, рахмет деген концерт қой”, – дейді Ернар.

Жіберіп алмаңыз:

Екі-ақ рет көрдім: Абай Бегей күйеу баласын жақсы танымайтын болып шықты

Жұлдыз Өмірғали желіге сәбидің бесігін не себепті салғанын ашық айтты

Анамның орнын әкем басты: Ділназ Ахмадиева әкесінің қамқорлығы жайлы айтып, көз жасын көлдетті (видео)

Халықты алдамақшы болған Абай Бегейдің өтірігі ашылып, ұятқа қалды (фото,фидео)

Талқылау