Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ермек Тұрсынов қазақтың не себепті жылқыны әйелден артық көретінін түсіндірді

Режиссер Ермек Тұрсынов қазақ жылқының әйелінен де артық жақсы көреді деген еді. Режиссер бұл сөзінің мәнін ашып түсіндірді. 

Ермек Тұрсынов қазақтың не себепті жылқыны әйелден артық көретінін түсіндірді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "В лоб вопрос" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында режиссер желідегі парақшасында қазақ пен жылқының байланысы жайлы жазба қалдырған еді. Оның мазмұнына үңілсек, қазақ жылқыны жарынан да артық жақсы көреді. 

"Қазақ - ежелден көшпелі жұрт. Көшпенділер үшін жылқы малы өте қасиетті саналған. Себебі жылқы мінсе - көлігі, жесе - тамағы, ішсе - сусыны, кисе - киімі. Одан басқа қажеттіліктерге жарайды. Жылқы көшпенділер үшін бәріне қажетті мал. Жылқы ғана емес, төрт түлік мал қазақ үшін қасиетті саналады. Қойды да жылқымен теңестіруге болады. Менің мұндағы айтпағым жылқының қаншалықты қазақ үшін қажет екенін жеткізу еді. Бір жағынан әзілге сүйеніп, қазақ жылқыдан соң әйелін жақсы көреді деп жаздым", - дейді режиссер. 

Желі қолданушыларының бірі режиссердің сөзін қолдаса, бірі түсінбестік танытты. Әйелдің де, жылқының қазақ үшін маңызы зор екенін жазды.

Тағы оқыңыз: "Кішкентай мүше синдромы": Баян Алагөзова өзін басты деградант атаған Ермек Тұрсыновқа жауап берді

 

Талқылау