Белгілі қазақстандық режиссер Ермек Тұрсынов Астанада авторлық кешін өткізді.
Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.
Кеш барысынды режиссер 2010 жылы Оскар сыйлығын табыстау салтанатына қалай барғанын және әйгілі Шэрон Стоунмен билегенін де айтып берді.
“Келін” жарыққа шыққан кезде мынадай қызық оқиға болды. Мен шетел асып, Оскар марапаттау салтанатына баратын болдым. Смокингті де жалға алып, кешке кәдімгідей дайындалдым. Сол жерде жүгіріп жүрген Шэрон Стоун “Қал қалай? Не істеп жатырсың?” деп сұрайды. Біз билеуді бастап кеттік. Қалтамда бар болғаны 200 доллар ақша қалған. Мен қалтамды қағып, ақшам орнында тұр ма екен дегендей қарай бастадым. Ал сосын ол кенеттен: “Біртүрлі басым айнала бастады, үйге кеттім” дейді. “Ал жақсы! Жазда мен Гонконгке сізге барамын. Лиға сәлем айт”, – деп қосып өтті кетіп бара жатып. Сөйтсем, ол мені гонконгтық режиссермен шатастырыпты”, – дейді Тұрсынов.
Еске сала кетсек, 2010 жылы “Келін” көркем фильмі әйгілі Оскар сыйлығына ұсынылған болатын.
Авторлық кеште режиссер сондай-ақ, шығармашылығы, оның ішінде Сұлтан Бейбарыс жайлы және діни көзқарасы туралы да ой бөліскен.
Оқи отырыңыз: