Ерлі-зайыптылар қызының өлімі үшін Apple компаниясын сотқа берді
АҚШ-тың Калифорния штатында ерлі-зайыптылар Apple компаниясын сотқа берді.
Оған жол апаты себеп болды. 2014 жылы Даллас қаласында Рождество мейрамы кезінде ерлі-зайыпты Джеймс пен Бетани Модисетт және олардың екі қызы өзге көлікпен қақтығысады. Ол көлікті рөлінде 20 жастағы Гарретт Уилхелм отырған. Соның салдарынан ата-анасы мен екі қыздың бірі жарақат алды. Ал, 5 жастағы Мория есімді қызы көз жұмды.
Полицейлер қатығысу кезінде Уилхелмнің iPhone телефонына орнатылған FaceTime видеобайланысын қолданып келе жатқанын айтты.
Ерлі-зайыптылар Apple компаниясы өз қолданушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қатты жылдамдық кезінде FaceTime байланысының құлыпқа түсуі жағдайын қарастырмағанын алға тартты. Олар қызының өліміне осы бағдарламаның себепші болғанын айтады. Олар компаниядан өтемақы талап етуде. Оның қандай мөлшерде өтемақы талап еткені айтылған жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Италияда ер адам 60 жылға жуық жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған
Қарағанды облысында 10 сағат бойы үйінділер астында жатқан ер адам құтқарылды
Ыстамбұлдағы теракт: Мобильді телефон америкалық азаматтың өмірін құтқарып қалды