Ерлі-зайыптылар пойыз ішінде тырнақ алып жолаушылардың ашуына тиді (видео)
Қытайлық жолаушы пойыздағы жиылмалы үстелдің үстіне аяғын қойып, тырнағын алды. Оның бұл ісін басқа жолаушы, видеоға түсіріп алған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі, Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Ерлі-зайыптылар Цзинань қаласына жолға шыққан. "Жұбайлар пойызға мінген сәттен шулады. Олар мінгенше іште тыныштық сақталған еді. Бір кезде екеуі аяқ-киімдерін шешіп, үстелдің үстіне қойып тырнақ ала басталды", — дейді роликтің авторы.
Видеоны түсірген әйелдің сөзінше, жолаушылар олардан басқа жерге отыруды сұраған. Бірақ қытайлықтар пойыздағы азаматтардың сөзіне мән бермеген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”