"Ерлі-зайыптылар бала асырап ала алады": Таиланд королі бір жыныстылардың некесін тіркеуге рұқсат берді
Таиланд королі бір жыныстылардың некесі туралы заңға қол қойды. Осылайша Таиланд бір жыныстылардың некелесуін заңдастырған оңтүстік-шығыс Азиядағы алғашқы мемлекет болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Таиланд парламентінің жоғарғы палатасы биыл маусымда бір жыныстылардың некесі туралы заңды қолдады. Сөйтіп бұл күні кеше монархияның ресми газетінде жарияланды. Заң 2025 жылдың 22 қаңтарында күшіне енеді.
Заңды неке енді тек ер мен әйелдің емес, екі адамның үйленуі деп есептелмек. Бір жынысты жұптар ерлі-зайыптыларға берілетін салық жеңілдіктерін пайдалануға, бір-бірінің мүлкін мұрагерлікке алуға және жұбайы есін жоғалтан жағдайда оны емдеуге келісім беруге құқылы.
Сондай-ақ бір жынысты ерлі-зайыптылар бала асырап ала алады. Алайда депутаттар бейінді комитеттің "әке мен шеше" деген сөздің орнына "ата-ана" сөзін қолдану туралы ұсынысын қабылдамады.
"Бүгін біз неке туралы куәліктерге атымызды жазып қана қоймай, тарихтың жаңа парағын өзіміз жазамыз. Махаббат біздің кім болып туғанымызға қарамайды. Бұл теңдік пен адамдық қадір-қасиеттің мерекесі. Заң күшіне енген күні мыңнан астам ЛГБТ жұптары үйлену тойын жасайды", – деді Таиландтағы ЛГБТ құқықтарын қорғаушы Энн Чумапорн.
Таиландта бір жынысты некені заңдастыру 10 жылға жуық уақытқа созылды. Мұнда халықтың басым бөлігі біржынысты некені қолдайды. Оған өткен жылдың соңында ұйымдастырылған сауалнама нәтижесі дәлел. Респонденттердің 96,6%-ы бір жынысты некені қолдаған. Алайда ел билігі мұны құптамады.
Біржынысты некені заңдастыруды қолдайтын партиялар тек соңғы сайлауда, яғни 2023 жылдың тамызында парламентке кірді.
Бұған дейін Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы петицияны ішінара мақұлдау туралы шешім қабылданған еді.