Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлер майға, әйелдер тауық етіне таласты: Петропавлда тұрғындар супермаркеттегі жеңілдік үшін дүрбелеңге түсті

Петропавлда тұрғындар тауарды жарты бағаға сатып алуға болатын жеңілдікке байланысты дүрбелеңге түсті. Желіде олардың дүкен ішінде азық-түлікке таласқан видеосы тараған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Жеңілдік тауық еті, майонез, кофе, сода, шырындар, шұжық, макарон өнімдері, күнбағыс майы, кір жуғыш ұнтақ  сияқты тауарларға болған. Сол жердегі ер адамдар әсіресе бес литрлік бөтелкелер үшін төбелес шығарған. Сонымен қатар тұтынушылар тауықтың төс етіне де сұраныстарын көрсеткен. Сатып алушылар құс еті салынған шыны витринаны жаншып кете жаздады. Сатушылардың тауарларды қойма алдынан бермей, сөрелерге қоямыз деуі олардың наразылығын тудырған. Дүкен қызметкерлері тауар санын шектеуге  мәжбүр болған. Мәселен, тауық етін бір адамға 2 келіден берсе, 5 литр өсімдік майын бір ғана данадан алуға рұқсат еткен.

“Міне, мен алып үлгердім. 5 бөтелке шырын, пепси мен коладан тағы 5 бөтелке, екі қаптамадан жұмыртқа алдым. Көбісі тауықтың төс етіне таласуда. Мұны сонша көп алудың қажеті қанша? Бәрібір бұзылып кетеді ғой”,- деді сатып алушы Александр Гамбург.


Талқылау